• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Бокс 23 Тамыз, 2018

Головкин - «Канело» жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды

274 рет
көрсетілді

Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы қарымта жекпе-жектің төрешілері мен рефериі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рингтегі рефери - америкалық кіші Бенджи Эстевес. BoxRec ақпаратына сай, ол 636 жекпе-жекте рефери болған. 1954 жылы дүниеге келген Эставес - Нью-Йорк тұрғыны. Бұл кәсіппен 1982 жылдан бері айналысып келеді. Осы уақытта ол кіші Флойд Мейвезер, Костя Цзю, Артуро Гатти, Бернард Хопкинс, Шейн Мозли, Келли Павлик және басқа атақты боксшылардың жекпе-жегіне рефери болған.

Қарымта төрешілері америкалық Дэйв Моретти, Гленн Фельдман және Стив Вайсфельд болады. Бұл үш төреші Сергей Ковалев (32-3-1, 28 КО) және Андре Уорд (32-0, 16 КО) жекпе-жегіне бірге қатысқан. 1977 жылдан бері Моретти 988 жекпе-жекке төрелік етті. Фельдман бұл кәсібін 1992 жылы бастады және 982 жекпе-жекке қатысты, ал Вайсфельд 1991 жылдан бері 1759 жекпе-жекте төреші болған екен.